Қолыңыздағы кітапта адамның рухани әлемі, оның ішінде, жүректің ақиқаты мен журек тыныштығына жетелейтін жолдар, сана мен түпсана мотиві, нәпсі ұғымы мен оның тәрбиесі, нәпсінің аурулары мен түрлері, нәпсіні емдеудің жолдары, психологиялық және рухани мотивтер, психология және ислами психология тұрғысынан қолға алынды. Эмоция түрлері мен оны басқарудың жолдары және психологиялық қорғану механизмдері де көрсетілді. Адамның рухани және психологиялық қырын сөз еткен Ислам ойшылдарының көзқарастары мен бақытқа жету жолдарын айтқан ой-тұжырымдары талқыланды. Автор тарапынан кітаптың өзектілігіне арқау болған негізгі мәселенің бірі — аят-хадистерді психологиялық қырынан талдау. «Ислам психологиясы» атты сериямен жарық көрген бұл көлемді еңбек, адамның психологиялық және рухани әлемін Құран аяты мен хадис аясында танығысы келген әрі өзін жан-жақты дамытып, кемелдік тұғырына көтерілуді қалаған барша оқырман қауымға арналады.
Горячее
Description